Мектеп тарихы — Қызылорда облысының білім басқармасының

«Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мекебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру-аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Сол білім берудің үлкен шаңырағы мектеп. №24 орта мектеп тархына көз жүгіртетін болсақ:

Қазіргі мекеп ғимараты 1976-1977 оқу жылында пайлдалануға берілген. Мектеп типтік жобамен 2  қабатты кірпіштен салынған.

Мектеп 640 орындық. Мектептің көлемі 3301,8 шаршы метр.

№24 орта мектеп алғаш 1934 -1935 оқу жылында мектеп –интернат болып ашылып, оның алғашқы бастаушысы болып Қылышбаев Махамбет тағайындалады.

1935 жылдан 1938 жылға дейін бастауыш мектеп болып құрылып, осы аралықта мектеп басқарушысы болып Қонақбаев Жәлкен қызмет атқарды.

1938-1939 оқу жылында 1-6 класс аралығында білім беретін «Аралық мектеп» болып қайта құрылып, мектепті Әлімбетов Бақытжан басқарған.

1939-1940 оқу жылында 1-8 кластық білім беретін мектеп болып ашылып,оның директоры болып Қиынбаев Аяған тағайындалады.

1940-1941 оқу жылында мектеп директоры болып Жұмағұлов Иманқали қызмет атқарса, ал 1941 жылдан  1947 жылға дейін 1-9 кластық білім беретін негізгі мектеп болып ашылып, 1945-1946  жылдары мектеп директоры болып Нарымбетова Перуза қызмет атқарған. 1946-1947 жылға дейін Алмағанбетов Махмут қызмет еткен.

1947-1948 оқу жылында он жылдық білім беретін  орта мектепболып ашылып, оның директоры болып Алпысбаев Хұсайын тағайындалады.

Ал 1948 оқу жылынан 1964 жылға дейін «Октябрь» орта мектебі болып аталып,

1948-1950 жылдары Ербатыров Жұмахмет,

1950-1952 жылдары  Көшербаев Елеу,

1952-1955 жылдары Шоханова Ажайып,

1955-1960 жылдары Жанұзақов Мықтыбай,

1960-1966 жылдары Ешниязов Жетес осы мектептің директорлары  болып қызмет атқарған.

1965 жылдан №24 орта мектеп болып аталып келеді.

Осы жылдар аралығында:

1966-1970 жылдары Бұхарбаев Бөріқожа,

1970-1976 жылдары Сейсенов Әбіләмит,

1976-1977 жылдары Ідірісов Сейітқасым,

1977-1987 жылдары Қожабаев Молдабай,

1987-1990 жылдары Шаханов Батыжан,

1990-1992 жылдары Байқазақов Нурылла,

1992-1994 жылдары Сәтов Ермек,

1994-2003 жылдары Алиев Касым,

2003-2006 жылдары Әміржаева Нұрила,

2006-2009 жылдары Райсова Бақыткүл,

2009 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Утепбергенов Ерлан,

2013-2023 жылдарда  Садиров Адилхан,

2023 жылдың тамызынан бастап Қожалепесов Қуандық Бақытжанұлы басқарып келеді.

Қазіргі таңда  мектепте  Педагог-зерттеуші – 18,  педагог-сарапшы -41, педагог-модератор – 15,  педагог-9   мұғалім қызмет етеді.

Төменде көрсетілген түлектер мектепті үздік бітіріп, «Алтын», «Күміс» медаль және «Ерекше аттестат», «Үздік аттестат»  иелері атанды.

Олар: Үмбетов Базарбай 1966 жылы күміс медаль, Әбжәмиева Рая 1967 жылы «Күміс» медаль, Қожабаева Айсұлу 1989 жылы «Күміс» медаль, Сансызбаев Мейірбек 1989 жылы «Күміс» медаль, Смағұлова Қалдыгүл,Құрманбаева Зейнеп 1990 жылы «Күміс» медальмен, Әбдіразақова Әлия 1995-1996 оқу жылында «Ерекше аттестат», Қалиева Жадыра, Сариева Райхан,Бәйімбетова Сәндігүл 1996-1997 оқу жылында «Үздік аттестат», Саниязова Еркемай, Қалиева Индира, Дәкібаева Гүлнұр 2001-2002 оқу жылында «Үздік аттестат», 2005-2006 оқу жылында Елбосынова Гүлмира «Үздік аттестат», 2009-2010 оқу жылында Қожақова Айжан «Алтын белгі», Қожаниязова Тұрсынай «Үздік аттестат» иегері болды. 2012-2013 оқу жылында Тұрғанбай Гүлбақыт «Алтын белгі», 2013-2014 оқу жылында  Тұрғанбай Мөлдір «Алтын белгі», 2014-2015 оқу жылында Әзен Ақілгек «Үздік аттестат», 2015-2016 оқу жылында Болат Жайна «Алтын белгі», Аймахан Ернұр, Әбдімұрат Бейбарыс «Үзік аттестат», 2016-2017 оқу жылында Кенжебай Қарлығаш, Әзен Ақерке  «Алтын белгі», 2017-2018 оқу жылында Сәдір Жұлдызай «Алтын белгі», 2018-2019 оқу жылында Қарабек Иманғали «Алтын белгі», Өмірзақ Еркемай, Аманжол Таңшолпан  «Үздік аттестат», 2019-2020 оқу жылында  Тұрғанбай Ұлдана «Алтын белгі», Шарападин Аяулым, Әбдімұрат Дильара «Үздік аттестат», 2020-2021 оқу жылдында Тағыберген Айсана «Алтын белгі», Бектұрсын Назым, Сағындық Нұрай «Үздік аттестат», 2021-2022 оқу жылында  Болат Ернұр , Пазылбек Ақбота «Алтын белгі», 2022-2023 оқу жылында  Бектұрсын Сезім,Қожанияз Аружан «Алтын белгі», Әділханқызы Нұрай, Қуандық Ботакөз «Үздік аттестат»  иегері болды.

Жалпы саны  «Алтын белгі»  -14,  «Күміс» медаль- 6,  «Үздік аттестат»- 20

Мұғалімдер мен оқушылардың тынымсыз еңбектенуінің арқасында мектеп аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтар болсақ 2022-2023 оқу жылында  Өлкетанушы,географ,публицист,этнограф-ғалым Серікбол Қондыбаевтың 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Серікбол Қондыбай әлемі»тақырыбында аудандық ғылыми жоба байқауында жүлделі I орын иеленген №24 мектептің 9 сынып оқушысы Сақтаған Нұрислам,жетекшісі Сейталы Гүлнар марапатталды. Жалпы білім беру ұйымдарындағы  8-10  сынып оқушылар арасында  өткізілген «Ұлт мұраты жолындағы ұлы күрескер,ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан» тақырыбындағы аудандық ғылыми жоба байқауында жүлделі  II орын иеленген №24 мектептің 9 сынып оқушысы Жаңғабыл Айкүміс, жетекшісі Елбосынова Майра марапатталды. Қызылорда қаласында 2022 жылдың 17-18желтоқсан күні  өткізілген «InnoFest» облыстық инновациялық жобалар фестивалінде жоғары жетістікке жетіп,   11 сынып оқушысы Дәулетұлы Ерлан Қызылорда «Болашақ» университеті ректорының грант иегері  атанды.

2023 – 2024 жаңа оқу жылында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде   «Отаным қасиетті туған жерім»номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы  Әбдіраш Гүлсезім  1 орын, 10-сынып оқушылары Сақтаған Нұрислам  II орын, Жанғабыл  Айкүміс           II орын, Емжай Ақмаржан «Алғыс хат»,  Болатбек Шұғыла «Алғыс хат», иеленді. Пән мұғалімідері  Сейталы  Гүлнар  ,Елбосынова Майра. 9-сынып оқушысы  Әбдіраш Гүлсезім облысқа жолдама алды.

2023 – 2024 жаңа оқу жылында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде   «Отаным- қасиетті туған жерім»номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы  Әбдіраш Гүлсезім  2 орынды иеленді. Пән мұғалімі Гүлнар  Сейталы.

Жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық  «Дарын»ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде қолданбалы математика бағыты бойынша 10-сынып оқушылары  Сақтаған Нұрислам  I орын, өлкетану бағыты бойынша Жанғабыл  Айкүміс  «Алғыс хатпен» марапатталды.Пән мұғалімдері Қожабай Айсұлу, Елбосынова Майра. 10-сынып оқушысы  Сақтаған Нұрислам облыстық кезеңге жолдама алды.

Жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық «Дарын»ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде қолданбалы математика бағыты бойынша 10-сынып оқушысы  Сақтаған Нұрислам қатысып, жүлделі  I орынмен марапатталды. Пән мұғалімі Қожабай  Айсұлу.

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық  жобаларының республикалық«Зерде»конкурсының аудандық кезеңінде  информатика секциясы бойынша мектебіміздің4  сынып  oқушысы Мақсұт Мәнсия Рақышқызы»Меніңкиберқылмыспен күресу туралы  көзқарасым» атты тақырыпта ғылыми жобаны қорғап, аудандық, облыстық кезеңдерден I орын иеленді. ақтық кезеңі республикада жобасын қорғап арнайы сертификат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Қаман Күлмараш.

2024-2025 оқу жылында  6 сынып оқушысы Ақниет Бексұлтан орыс тілі пәні  бойынша жазған ғылыми жобасы ауданнан үздік шығып, облыстық  кезеңнен де жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

 

Республикадан:  3 орын-1,

Облыстан 2 орын-2,  2 орын-1,

ауданнан:  1 орын-3, 2 орын- 3,  3 орын -1, «Алғыс хат»-4 оқушы иеленді.

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пән олимпиадасының аудандық кезеңінде  география пәнінен 11-сынып оқушысы Сақтаған Нұрислам, химия пәнінен 8-сынып оқушысы Іздік Дильназ  — 1 орын иеленіп, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.  Аталған олимпиадада 11 оқушы – ІІ орын, 13 оқушы –ІІІ орын, 6 оқушы  «Алғыс хат» иленді. Олимпиаданың облыстық кезеңіне география пәнінен қатысқан 11-сынып оқушысы Сақтаған Нұрислам жүлделі ІІІ орын иеленді.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған  пән олимпиадасының аудандық кезеңінде   1 оқушы – І орын, 4 оқушы — ІІ орын, 7 оқушы – ІІІ орын, 6 оқушы «Алғыс хат» иеленсе, облыстық кезеңде 1 оқушы – ІІ орын, 2 оқушы – ІІІ орын, 5 оқушы «Алғыс хат» иегері атанды. Осы олимпиаданың Астана қаласында өткен  Республикалық кезеңінде  математика пәнінен 11-сынып оқушысы  Жанғабыл Айкүміс ІІІ орын иеленді.

Жаратылыстану-математика циклы бойынша XVII Президенттік олимпиадасында 10-11 сынып оқушыларына арналған Облыстық кезеңіне жаратылыстану- математика бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Жаңғабыл Айкүміс  ІІ орын  алды.

Математика пәнінен 3-4 және 5-6 сынып оқушыларына арналған  «АЛТЫН САҚА»  олимпиадасының  аудандық кезеңінде 2 оқушы – ІІ орын, 1 оқушы «Алғыс хат» иегері атанды.

10-11 сыныптарға арналған «Алтын түлек» олимпиадасынан өңірлік кезеңде 11-сынып оқушысы Сақтаған Нұрислам – І орыналып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал осы олимпиададан  1 оқушы – ІІ орын, 3 оқушы –ІІІ орын иеленді.

Мектебіміздің мерейін асырып кәсіби сайыс, конкурс байқаулардан топ жарып жүлделі орындар әкеліп жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді де, білікті ұстаздарымыз жетерлік. Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында биылғы жылдың сараптамалық мониторингі қорытындысымен аудан мектептері арасында алғашқы бестіктен көріндік.

Аудандық «Үздік жыл мұғалімі-2024»  байқауында биология пәнінің мүғалімі Жетесова Жанна ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Кәдірбай Айман ІІ орын,  математика пәні бойынша Қожабай Айсұлу І орын алып, ақтық кезеңінде «Үздің жыл мұғалімі-2024» номинациясын жеңіп алса,  «Үздік тәрбиеші-2024»  байқауында да МАД тәрбиешісі Өтемісова Жадыра І орын алып ұстаздарымыз аудан көлемінде ұйымдастырылған «Үздік шеруіне» қатысып марапаттар, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Аудандық жетсітіктерімізді айтпағанда облыстық, республикалық деңгейде ауыз толтырып айтарлықтай толағай табыстарымызды атап көрсетуімізге болады. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама -2024» конкурсының республикалық кезеңінде Қожабай Айсұлу  математика  бағыты бойынша жүлделі І орын. Мектептің арнайы маманы Садақбай Фариза «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша  ІІІ орын, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «Психолог  сандықшасы» бағыты бойынша ІІ орын иеленгенін мақтанышпен айта аламыз.

Мектепте мұғалімдердің шеберліктерің шыңдау мақсатында семинар, тренингтер, алаңдар т.б. жиі ұйымдастырылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде ұстаздарымыз аудан, облыс, республика көлемінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерін таратуда.

2023-2024 оқу жылында «Білім беру бағытында ЕББҚ балаларды қоғамға интеграциялаудағы стратегиялық әдістер» тақырыбында арнайы мамандар арасында аудандық семинары және білім алушыларды көркем әдебиетке бағыттау арқылы олардың  оқу мәдениетінің деңгейін көтеру, функционалдық сауаттылығын  қалыптастыру мақсатында өткізілген««100 кітап» жобасы – терең білім кепілі»(Көркем әдебиетті нәтижеге бағытталған білім беру үдерісінде қолдану) тақырыбындағы аудандық семинары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудандық білім бөлімінің жоғары бағасын алды.

№24 орта мектепті бітірушілер арасынан  елге белгілі көптеген азаматтар шықты. Олар: Бұрқашов Аптылай- ғылым докторы, академик, Нағыметов  Әбілғазы,Айдаров Дәуірхан,Смағұлов Серік, Әлниязов Үкіметулла, Қайназаров Аяған, ДілімбетовҚареке,Нұрқызарынов Айжігіт,Оралбаев Ұзақ-ғылым кандидаттары, Нұрқожаев Шынтас-СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Мұханов Түлкібай –ҚазССР мемлекеттіксыйлығының лауреаты,Ешниязов Жетес — «Халықтар достығы» орденінің иегері,

Әниятов Смағұл- геология –минералогия ғылымдарының кандидаты,Бостандық Қаппар- химия ғылымының кандидаты, Әбдиева Ай- медицина ғылымының кандидаты,Смағұлова Қалдыгүл –медицина ғылымының кандидаты, Өтемісова Гүлмира – Филология ғылымның кандидаты, Саниязова Еркемай – Заң ғылымдарының кандидаты.

2023-2024 оқу жылында  мектептің 11 сынып оқушылары Қораз Шоқан мен Жұмағұл Жарылқасын  волейболдан спорт шеберіне кандидат  атағын иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достармен бөлісу
Қызылорда облысының білім басқармасының